«Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде айлық отырыс өтті
» Ислам және Дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде жамағаттың айлық отырысы өтті.
Игі шараға ЖАНТ мүшесі,«Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед қатысып, жиылған жамағатқа өз насихатын, ақыл кеңесін айтты.Сонымен қатар, жамағатпен бірге логикалық сұрақтар койылып түрлі қызықты ойындармен жалғасын тапты.
Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.