«Мұханмедин Шихыұлы» мешіті:Ауған соғысының ардагерлеріне Құран бағышталды
Бүгін Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына-35 жыл толуына орай Жаңаөзен маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітіне Жамбыл, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарынан арнайы келген ауған соғысы ардагерлері құрбандар рухына Құран бағыштады.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеу мақсатында жиылған ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, жастардың патриоттық тәрбиесін сөз етті.Жиын соңында ақ дастархан басында жалғасын тауып,ел тыныштығы үшін,және құрбандар рухына Құран бағышталды.
«Міне, отыз бес жыл бұрынғы от кешкен күндерді ойға оралтқан ағаларымыздың ерлігі қандай құрметке болсын лайық. Тар кезеңде туған ел мен жерден жырақта жүріп, жауынгерлік міндетін мінсіз атқарған ерлерге тағзым ету – біздің борышымыз. Бейбіт күн үшін басын бәйгеге тіккен батырлар жайлы естеліктер жастарға үлкен өнеге екені анық»,деді- мешіт имамы Бекбаев Бералы.