blog Images

Мүмкіндігі шектеулі жандарға насихат жұмыстары жүргізілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Ихсан және насихат»бағыты негізінде Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде  мүмкіндігі шектеулі жандарға «Шүкіршілік және сабыр» тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді.

Ізгі кездесу барысында мешіт бас имамы Адаев Оразбай «Адам баласына тағдырдың жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпай сабырмен қарау ләзім. Қиындықтар кездессе оған сабыр ету – болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет.  «Әрбір істің қайыры бар»,-деді.