blog Images

«Миғраж»мешітінде 50 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде  қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара барысында мешіт қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.

Игі шараға ат салысқан барша жанашыр жамағат азаматтарға Алла разы болсын!