blog Images

Мешіттерде «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы «жылы аясында Маңғыстау облысы бойынша өкілдігіне қарасты 10 мешітте ҚМДБ Әйел-қыздар секторы  ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шекен аймақтардың тұрғындарына рухани, материалдық көмек көрсету мақсатында  республикалық «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде мешіт жамағаттары мен ұстаздары өз қолдарымен әзірлерген тағамдары мен сусындарды, түрлі тәттілерін жамағатқа ұсынды.Қайырымдылықтан жиналған қаржы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған арнайы есеп-шотқа 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек  аударылды.