blog Images

Мешіттерде тасқын судан зардап шеккен аймақтар үшін дұға жасалды

Маңғыстау облысына қарасты облыстық, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары су апатына байланысты  жамағатпен Құран оқып, дұға жасады .Жиналған жамағатқа осындай сын сағатта қиналып басына сынақ түскен халыққа жәрдем берудің маңызын тілге тиек етті. Қасиетті Рамазан айында жасалған жақсылықтың сауабын айтып, барынша жұмыла жәрдем беруге шақырды.

Судан жапа шеккен отбасыларға Раббымыздан жеңілдік, жәрдем және сабыр тіледі. Алла Тағала халқымызды су апатының зардабы мен кесірінен сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!