blog Images

Мешіт имамдары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысына қарасты мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында теңіз жағалауының тазарту жұмыстарына ат салысты.

Облыс бас  имамы оршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.Сондай-ақ тазалық жұмысына атсалысқан мешіт қызметкерлері мен еріктілерге алғысын білдірді.