blog Images

Мерекеде Наурыз көже таратылды

Қытымыр қыстан кейін ел-жұрт бір-бірімен амандықпен қауышып, жақсылықпен көрісетін – ұлттық мерекеміз Наурыз мейрамы күні Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде наурыз көже таратылды.

Наурыз мерекесінде мешітімізге келген жамағат пен  кешкі ауысымда жұмыс жасап жатырған бауырларымызға, қала тұрғындарына Наурыз көже таратылды. Шара барысында қала тұрғындары мен қала қонақтары баршаны Наурыз мерекесі мен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Наурыз көженің ерекше дәмді екенін де атап өтіп, Ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.