blog Images

“Мектепке жол”:”Оразмағанбет ахун” мешіті 20 баланы мектепке дайындады

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық“Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы” мешітінде “Мектепке жол”қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара барысында  20 балаға мектепке қажетті сөмкелер,оқу-құралдары,аяқ-киім,мектепке қажетті киімдер табысталды.Акция аз қамтылған,көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді.Сондай-ақ,мешіт  бас имамы Адаев Оразбай оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап жақсы оқып білімде озат болуға, ата- ананың үмітін ақтар асыл тұлға болуды тілеп ыстық лебізін білдірді.