

«Келімберді ахун»мешітінде жамағат арасында футболдан турнир өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық «Келімберді ахун» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан турнир өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты.Жастардың ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Тартысты өткен спорттық доданың жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.