

Келімберді ахун мешітінің ауласына ағаш отырғызылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық Келімберді ахун мешітінің ұжымы мен ұйымшыл жамағаты мешіт ауласына 35 шырша ағашын отырғызып,мешіттің көркіне көрік қосты.
Дініміз мұсылманның діни міндеттерін бөліп қарастырып, Алла Тағаланың алдындағы міндеттері сияқты, қоршаған орта, табиғат алдындағы міндеттерді жүктейді.«Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, Қиямет басталып кетсе де қолындағы көшеттi (үлгеретiн шама болса) дереу отырғызсын» деп бұйырған (Бұхари).