blog Images

Әйел жамағаты арасында “Білімді әйел-ілімді ұрпақ атты сайыс өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің әйел жамағаты арасында Алла Елшісіне (ﷺ) салауат айтудан және интелектуалды “Білімді әйел-ілімді ұрпақ атты сайыс өтті.

Хабиболла қызы Роза ұстаздың ұйымдастыруымен қалалық мешітте әйелдер жамағаты арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан сайыс жарияланған болатын. Осыған орай қатысушылар арасында қорытындылау жиыны өтіп, жақсылықта жарысқан жандарға арнайы әзірленген сый-сияпаттар табыс етілді.

«Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның тілін Пайғамбарға салауат айтуға жеңілдетіп қояды»

Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған салауат жарысының қорытындысы:
1 орын – Кенжеғұлова Рабиға (46197 рет)
2 орын – Токбанова Айнұр (22253 рет)
3 орын – Алданова Айман (20000 рет)

«Білімді әйел–ілімді ұрпақ» атты 5 кезеңнен тұратын интелектуалды жарыс қортындысы

Жарыс нәтижесі:
1 орын – Айша тобы (49 ұпай)
2 орын – Фирдаус тобы (43 ұпай)

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп, Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтуға бұйыруында үлкен мән жатыр. Осы бір аятқа амал еткен түрде аталмыш сауапқа толы сайыс мешіт ұстаздарының ұйытқы болуымен әлі де өз жалғасын таппақ.