

Ислам дінін қабылдады
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Даниел есімді орыс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді.
Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді. Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар Даниелге кәлима шахадатты айтқызып, хақ дініндегі бес парызды түсіндірді.Ислам дінін қабылдап,шариғат бойынша некесін қидырған жастарға ақ жаулықты аналарымыз ақ батасын беріп,жылы лебіздерін білдірді.