blog Images

«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде дәстүрлі «Имани жаз» сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Сауат ашу курсының алғашқы шарасы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, батасын берді.

Бас имам «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, жас жеткіншектердің мешіт қабырғасында діни білім ғана емес, әдеп-тәрбие дәрістері, бала санасын дамытуға арналған түрлі ойындар, имандылық, салт-дәстүр сабақтарына қатысып, жан-жақты дами түсетінін жеткізді. Сондай-ақ,шәкірттерге  осы жылы алғаш рет қолданысқа еніп жатқан «Имандылық әліппесі» оқулығы таратылды.