blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті:»Рамазанға дайындық»атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мешіт жамағаттары мен шәкірттеріне «Рамазанға дайындық» тақырыбында арнайы семинар өткізілді.

Семинарда Рамазан оразасының артықшылығы баяндалдалып,кешірім мен мүмкіндік айы жайлы насихат айтылып,оразаның нығметі турасында айтылды.  Жамағат тарапынан оразаға қатысты сұрақтар қойылып,тұщымды жауаптарын алды.