blog Images

“Ержан Хазірет” мешіті:”Қамқор-Шарапат” салттық қызметі түсіндірілді

Ақтау қалалық Ержан Хазірет мешітінде ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету  “Сүннет бойынша мәйітті жуу,кебіндеу тәртібі”  тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Өмірден озған адамды соңғы сапарына дұрыс шығарып салу рәсіміне қазақ халқы қатты мән берген. Дегенмен мәйітті жуып, кебіндеу барысында ескерілуі керек жайттарды бірі білсе, бірі білмейді. Семинарды мешіт наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы  жүргізіп,осы тақырыпта  толық ақпарат беріп, сүннет бойынша жерлеу рәсімдеріне де тоқтала кетті.  Сондай-ақ,семинарға қатысқан жамағат жаназаға қатысты сұрақтар қойып,Ғабит Әбдіғаппарұлы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.