blog Images

Елге қызмет – абыройлы міндет

Маңғыстау ауданы “Шетпе” мешітінің бас имамы Таушанов Дархан Жаңабайұлы Рамазан айы сонымен қатар келе жатқан Амал мерекесімен Маңғыстау ауданында елге, жерге қызмет етіп жатқан аға-апаларымызды отбасыларына амандық, ел игілігі үшін жасап жатқан ерен еңбектері үшін, сондай-ақ алдағы уақытта жасалатын бастамаларына береке тіледі.

Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс, құттықтау айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Құттықтау сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кез келген адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді.

Кең пейілді қазақ халқы қашан да бір-бірінің қуанышты күндері құттықтау айтудан қашпаған. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай, балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл – үлкен тәрбие. Мүмкіндік болып жатса, жақсы сөз айтудан жалтарып қалмау керек. Бұл – алдымен әдептіліктің белгісі.