blog Images

«Ел үлесі – пәтерге»: 729-шы баспана өз иесін тапты

«Ислам және дәстүр құндылығы жылы» аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясындағы кезекті баспана кілті Ишнязова Эдеми Парахадқызы табысталды.

Эдеми Парахадқызы мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты ана,осы уақытқа дейін қызымен бірге пәтер жалдап тұрған.Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада Эдеми Парахадқызына Мұнайлы ауданы Маңғышлақ станциясынан 3-бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы дін қызметкерлері, елді мекен ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.Облыс бас имамы үй иесін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын» деді.

Облыс бас имамы да, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.