blog Images

«Ар-Рахим» мешіті мен «Сүйінғара батыр» мешітінің жамағаты басқосу өткізді

Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылы «Ар-Рахим» мешітінінің жамағаты мен Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің жамағаты айлық басқосу өткізді.

Мешіттің басты міндеті жиылған жамағатты ауызбіршілікке, татулыққа, мейірімділікке, қанағатқа, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, сабырлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу болып табылады.Жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағаты шақырылып, ақ дастарқан басында қонақ болды.Сондай-ақ мешіт имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы жамағатқа ауызбіршілік,бауырмалдық жайлы уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.