Діни оңалту маманы жазасын өтеушілермен кездесті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің маманы,РАНТ мүшесі Кенжалин Данияр Айтбайұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесті.
Бас бостандығынан айырылған жандармен еркін тақырыпта , жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында ғибратты насихат айтып, тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.