blog Images

Діни оңалту бағытында семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның басты бағытының бірі «Діни оңалту» бағыты аясында  имамдарға «Діни оңалту жұмысын ұйымдастыру және оның озық тәжірибелері» атты оқу-семинары өтті.

Шара шымылдығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, семинарға қатысушы дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі.Өңір имамдарының қатысуымен өткен семинарды  Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның  Діни оңалту бағытының маманы Кенжалин Данияр Айтбаевич жүргізді.

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Кәдөш Қажымұқан Серікұлы  және басқарма мамандары арнайы қатысты.Қажымұқан Серікұлы өңірдегі діни ахуалды айта отыра,имамдарың қоғамда уағыз айту мәселесіне жіті көңіл бөлу,әлеуметтік желіні пайдаланудағы сөйлеу мәнеріне аса мұқияттылықпен қарау жайлы,мешіттерді тіркеу жөнінде құжаттарды рәсімдеу жұмыстарына тоқталып өтті.Имамдардың қызметінің ең басты бағыттарының бірі – мешітке келуші жамағаттың ауызбіршілігін сақтау,  еліміздің, халқымыздың  бейбіт өмір сүруі  үшін аянбай еңбек ету екендігін айтып өтті.

ҚМДБ-ның  Діни оңалту бағытының маманы Кенжалин Данияр қазіргі таңдағы бөлімнің атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етіп,діни оңалту бағытында кездесетін мәселелер мен оны тиімді шешуде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерге тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға  тұшымды жауап беріп,ой бөлісті.