blog Images

Дін қызметкерлеріне Брайль жүйесінде оқу курсы басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында зағип жандар үшін мешіт жандарынан  «Брайль» әдісімен Құран үйрету курстарын ашуды тапсырған болатын.Осы орайда ҚМДБ-ның  «Ізгі қоғам»  бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған  Брайль жүйесімен арабша оқу курсы басталды.

Дін қызметкерлері,мешіт ұстаздары қатысуымен өткізіліп жатқан оқу барысына жетекшілік жасап жүрген бүкіл әлемдік Малазия ислам университетінің студенті  ұстаз  Шакиров Асқар Барлыбайұлы . Оқуға пайдаланып жатқан Құран, әліппелер және т.б. оқу құралдары Малазия зағиптар қоғамының ұйытқы болуымен Қазақ еліне жеткізілген.

Брайль қарпін дамытудағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандарға дін насихатын жүргізу, Алланы таныту.Айта кетейік,ізгі бастама аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында Брайль жүйесі бойынша Құран әліппесін оқыту курсы басталғалы жатыр.Курсты  Брайль жүйесінің тәжірибелі ұстазы Асқар Барлыбайұлы жүргізетін болады.

Басталу күні:15.02.2024

Сағат:15:00-де

Толық ақпарат алу үшін: Орталық Бекет ата мешітіне хабарласуға болады.