«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешіті: Дін мен дәстүр дәріптелуде
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылындағы Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы мешітінде «сәбиге азан шақырып ат қою» салт- дәстүр рәсімі орындалды.
Қазақ халқында жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты дәстүр мен салт-жоралғы бар. Ол азан шақырып ат қою деп аталады. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң, сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болып өсу үшін ел ішінде аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына ат қойғызады. Ата-бабамыздан көнеден жеткен салт-дәстүр жоралғысын облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы орындады.
Бұл ислам шариғатымен азан шақырып ат қоюдың мән-мағынасы – оның бойына иман сөзін жастайынан сіңіру болып табылған.Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң, сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болып өсу үшін ел ішінде аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына ат қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі-қыдыр» деп құдайы қонаққа баланың атын қойғызған. Сәбиді қолға алып, «Аллаhу акбар» деп азан шақырып, сәбидің оң құлағына есімін үш рет қайталап айтады. Бұл ырым баланың құлағында сол есім қалсын, құлағына сіңсін деп жасалады.