blog Images

Бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» үлестірілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің қызметкерлері мен Маңғыстау қажылар қауымдастығының ақсақалдарымен бірлесе отыра,ауруханада емделіп жатқан бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» үлестірді.

Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндерге  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді. Мұндай ерекше сыйлық елу баланың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.Сонымен қатар,облыс бас имамы  балаларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап,көктем мен жаңаруды айшықтайтын Амал мерекесі-Көрісу күнімен құттықтап,саулық тілеп,жылы лебізін білдірді.