Бейнеу ауданы:Әскери бөлімде кездесу өтті
Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің бас имамы Адайбек Мақанұлы ҚР ІІМ Батыс өңірлік қолбасшылығы Бейнеу ауданы 99116 әскери бөлімінде болып,түсіндірме жұмыстарына қатысты.
Әскери бөлім басшылары, жеке құрам және сарбаздармен өткен шара барысында Адайбек Мақанұлы «Жат ағымнан сақтандыру»,»Отанды сүю-иманнан» тақырыбында уағыз айтып,иманды жандар, жүрегі түзу мұсылмандар өзінің Отанын қастерлеу, өзінің Отанын қорғау, Отанын сүю киелі ұғым екенін білуі керектігін түсіндіріп өтті.