blog Images

Бейнеу аудандық мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үлес қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун Құлбайұлы мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай  «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өткізілді. 

Игі шара аясында мешіт бас  имамы Адайбек Дүйсенбаев пен мешіт қызметкерлері құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін табыстады.

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!