

Баянды ауылдық мешітінің кілемі жаңартылды
Баянды ауылдық мешітінінің жайнамаз төсеніші көнеріп,ескіруіне байланысты мешіт жамағаттарымен біргелікте осы жайнамаздың ауыстыруына ел-халықтан бірнеше ай бұрын көмек сұраған болатын.Алланың қалауымен көп түкірсе көл демекші қайырымды жандардың қолдауымен мешітімізге жаңадан жаңа кілем жайнамазы алынып,жамағат игілігіне пайдалануға берілді.
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Өйткені, мешіт біздің қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда, мешіт кілемінің жаңартырулына атсалысқан барша жанашыр жандарға алғысымызды білдіргіміз келеді,деді -мешіт бас имамы Саламат Түгелбайұлы .