Баянды ауылдық мешітінің имамы “Мұстафа” мешітінде уағыз айтты
ЖАНТ мүшесі,Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа (с.а.у.)» мешітінің жамағатымен кездесіп,уағыз-насихат айтты.
“Ақида ілімінің маңыздылығы” тақырыбында уағыз-насихат айтқан мешіт имамы кездесу соңында жиылған жамағат тарапынан қойылған сенім, иманның шарттары турасында сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

