Баянды ауылдық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық » қорының демеушілігімен Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы барысында 10 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер,оқу-құралдары таратылып,мешіттің бас имамы Саламат Түгелбайұлы оқушыларға алдағы оқу жылын үздік оқуларына дұға жасап, жылы лебізін білдірді.