blog Images

Бас имам Жаңаөзен қаласының әкімімен кездесті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына арнайы іс-сапармен барды.Аталмыш сапар барысында бас имам Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлымен кездесті.

Жиынға Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлерінен жергілікті мешіт бас имамдары қатысты.Кездесу барысында қаладағы діни ахуал, әлеуметтік жағдай және мешіттердің жай-күйі, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар,облыс бас имамы жуырда ғана әкімдік қызметіне тағайындалған Жансейіт Исаханұлына табыс тілеп, бастамаларының жүзеге асуына әркез қолдау көрсететіндігін айтып,ел тыныштығын сақтауда бірлесе жұмыстар атқаруға шақырды.