blog Images

Бас имам «Сүйінғара батыр» мешітінде жұма намазын өткізді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Исламдағы сауда саттықтың орны мен әдебі» тақырыбында уағыз айтқан бас имам асыл дінімізде  сауда мәселесінде де  әдепті болуды талап ететіндігін айтып,саудада көркем мінез таныту, тым бағаны көтермеу, шыншыл болу, өтірік айтпау, сатып алушыға жұмсақ сөйлеу, тауардың кемшілігін жасырмау сияқты сауда әдебін сақтауға шақырды.