Бас имам студенттерге дәріс оқыды
ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты аясында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Ш.Есенов атындағы атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өткен көпшілік тыңдауында студенттерге «Суицид -рухани дерт» тақырыбында дәріс оқыды.
Соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, өз туыстарын да, бүкіл қоғамды да дүр сілкіндіруі белең ала бастағандай.Ел жастарын суицид дертінен сақтауға,суицидтің алдын алуға,денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған жиында Әнуар Ізімбайұлы адам өз өмірін аманат ретінде біліп,Ислам дінінде де жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын ауыр күнә екендігін айтып өтті.
«Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тыныш-сыздығынан туындайды. Ал иманды жан, жүрегі бай адам қашан да бұл дерттен аулақ болады. Қиналған кісінің жанын түсінуге тырысайық, құлазыған көңілдерге демеу болайық, достарымызды еш уақытта жалғыз қалдырмайық және ең бастысы өз төңірегімізге қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйретуді міндетіміз деп білейік. Сондай-ақ, әр қараңғы түннен кейін жарық күн, әр қиыншылықтан кейін бір жеңілдік бар. Жұдырықтай жұмылғанда ғана жастар арасында суицидтік ахуалды жақсартуға болады.Жаңа Қазақстан болуымыз үшін барынша жүкті жұмыла көтергеніміз абзал,рухани дерт суицидпен пен күресуге әрдайым дайынбыз!» деді облыс бас имамы.