blog Images

Бас имам «Ержан Хазірет» мешітінде жұма намазын өткізді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Ынтымақ пен бірлік» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа қоғамның тыныштығы мен береке-бірлікте болуын әрбір қоғам иесі бағалап, оған сызат түсіріп алмауды ойлауы қажет екендігін айтып,бауырмалдық пен бірлікте болуға шақырды.

  • «Бауырмалдық пен бірлік ел басына күн туғанда білінетініндей, , қазір елімізде күрделі жағдай орын алып  тасқын судан зардап шеккен жандарды Маңғыстаулық жандар құшақ жая қарсы алып,қол ұшын созып алғысқа бөленді.Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, береке-бірлікте болуын міндеттейді.Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып бірлігімізді көрсетсек ,бұл сынды кезеңнен өтеміз!»-деді,облыс бас имамы

Алла тағала әрқашан баршамыздың қолымыздың ашық, жүрегіміздің мейірімді, бір-бірімізге жанашыр болуымызды нәсіп етсін!