Бас имам “Ар-Рахман”мешітінде жұма уағызын жүргізді
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінде жұма уағызын айтып,жамағатпен жұма намазын оқыды.
“Тазалық-денсаулық кепілі” тақырыбында жұма уағызын айтып,дініміз мұсылманға денесінің, киімінің, құлшылық жасайтын жерінің әрдайым таза болуын бұйыратындығын,тазалық – адамның әдебі, мәдениеті, рухани кемелдігінің көрсеткіші екендігін айтып өтті.
Алла Тағала жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл етіп, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық бергей!



