blog Images

Бас имам «Ар-Рахман» мешітінде жұма намазын өткізді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Әрбір іске тиянақты болу»  тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа ізгі амалдар атқаруда тиянақты болу пенденің терең ықыласын, Алла Тағаланың бұйрықтарына деген сүйіспеншілігін көрсететіндігін айтып, істі тиянақты, әрбір құлшылықты ерекше ықыласпен, көркем түрде орындауға шақырды.Сондай-ақ,қасиетті Рамазан айымен құттықтап,көктем мен жаңаруды айшықтайтын Амал мерекесі-Көрісу күнімен құттықтап,жылы лебізін білдірді.