Бас имам Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде жұма намазын өткізді
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде жұма намазын өткізді.
Облыс бас имамы жиналған жамағатқа «Исламдағы адам өмірінің маңызы мен құқығы» тақырыбында уағыз айтып,өмір-адам баласына берілген басты құндылық екенін және адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгі амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет екендігін насихат етті.
«Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген даналық сөз бар. Сондықтан да адам өмірінің мәнді болуы өзіне байланысты. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
لاَ يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدُكُمُ الْمَوْتَ إِمَّا مُحْسِنًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يَعِيشَ وَيَزْدَادَ خَيْرًا وَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَإِمَّا مُسِيئًا فَلَعَلَّهُ أَنْ يُسْتَعْتَبَ
«Сендердің біреулерің өзіне өлім тілемесін. Бәлкім ол жақсы адам болса, ұзақ өмір сүріп, жақсылығы көбейе түсер, сөйтіп, (өмір) ол үшін жақсы болар. Бәлкім, жаман адам болса, жамандығынан қайтарылар», – деген (имам Нәсәи).