blog Images

Бас имам ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясына қатысты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қаласында өткен «Ақсақалдардың аталы сөзі» атты ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы  Ізімбайұлы баяндама жасады.

Жиынға  облыс әкімі,ақын,жазушылар,облыстардың ақсақалдар кеңесі төрағалары,қоғам қайраткерлері мен республиканың түкпір-түкпірінен белсенді ақсақалдар мен облыс бас имамы қатысты.

Конференцияның басты  мақсаты – қазақ тарихындағы қариялардың рөліне тоқталып, қазіргі қоғамдағы ақсақалдың рөлін айқындай отырып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебін қалыптастыру.

Облыс бас имамы өз сөзінде:»Ақсақалдар кеңесі – ұлтымызға тән институт. Бабаларымыздың дәуірінде де осындай кеңестер құрылып, ақсақалдар көптеген мәселелерді реттеп отырған. Қазақ хандығында тарихи рөл атқарған «Хан кеңесі» мен «Билер кеңесі» де өз бастауын осы Ақсақалдар кеңесінен алған. Хандарымыз ел басқаруда, батырларымыз жер қорғауда ақсақалдардың ақылына жүгінген. Демек халықтық мәселелерді шешуде Ақсақалдар кеңесінің рөлі күшті десек, қателеспейміз. Бүгінгі таңда имамдар ата-баба дәстүрімен ұштасқан дінімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтап келеді. Жастарымыздың да ата-баба жолынан таймай, үлкендердің үмітін ақтауы маңызды. Бұл ретте бізге жастарға ақылын айтып жөн көрсететін, өмірде көргені мен түйгені көп ақсақалдардың кеңесі ауадай қажет»- деді.