blog Images

Бас имам «Әбу молда» мешітінде жұма уағызын айтты

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық «Әбу молда»мешітінде жұма уағызын жүргізіп,жамағатпен жұма намазын оқыды.

«Қазақ даласында мұсылмандық мектептің қалыптасу тарихы» тақырыбында жұма уағызын жүргізген облыс бас имамы ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы ислам діні жайлы тереңінен түсінік берді.Сондай-ақ  қазақ даласында мұсылмандық мектептің қалыптасуын кезеңдерімен бөліп,қалыптау кезеңдерінің ерекшеліктерін айтып өтті.

Жаратушы Жаппар Иеміз жұртымызға амандық, халқымызға береке беріп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!