blog Images

Бабалар рухына Құран Хатым оқылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде бабалар рухына Құран Хатым оқылды.

Облыстың бас имамы Құран хатым дұғасын оқып,жамағатпен бірге бабалар рухына дұға бағыштады.Мешіт жамағаты  Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран оқыды.Бас имам бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырларымыз бен хан-сұлтандарымыздың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабаларымыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тіледі. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің ертеңі мен халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.