blog Images

«Аталар сөзі-ақылдың көзі»

ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты аясында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  Маңғыстау облыстық ақсақалдар және қоғамдық кеңестің төрағасы Оңайбек қажы Нұрасылұлы,қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлымен кездесу өткізді.

Жұма намазынан соң өткен келелі кездесуде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» және «Ізгі қоғам» бағыты бойынша Ақсақалдар институтын жаңғырту,қоғамды ізгілендіру жолындағы мақсатында Аталар мектебін жаңғырту,жас ұрпақтты ұлттық құндылықтармен сусындату тақырыптары талқыланды. Бас имам ұрпақ тәрбиесі мен  қариялардың кемел қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы  айтса, аталарымыз бастаманың маңыздылығына тоқталып, салмақты ойларымен бөлісті.

Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасының бірі.Қазақ қоғамындағы аталар мектебін жаңғыртудың жастарды тәрбиелеу, оларға дұрыс бағдар беру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді насихаттау жолындағы ықпалы зор.

ҚМДБ-ның 2024жылға арналған бағдарлық баяндамасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақсақалдар институтын жаңғырту мәселесіне ерекше айтып өткен болатын.Биыл осы орайда облысымызда «Аталар мектебін»,»Әжелер мектебін» қайта жаңғырту бойынша бастамалар енгізу жоспарға енгізілді.

Айта кетейік, жуырда «Қажының рухани келбеті» атты құжат жарық көрген болатын. Осы орайда,құжатты насихаттау мақсатында қажылық парызын өтеуге ниет еткен және ұлы сапардан елімізге оралған азаматтармен бірлесе  отырып жұмыс жасауға ортақ келісімдер жасалды.