blog Images

«Ар-Рахман»мешіті:Көркем жазудан мастер класс өтті

ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Көркем жазу» (каллигррафия) бір күндік мастер класс өтті.

Мешіт ұстазы  Жансая Сейтимованың ұйымдастыруымен өткен бір күндік мастер класста  каллиграфия маманы Абдолхакім Дүние  мешіт шәкірттеріне араб әріптерін көркемдеп жазу өнерін үйретті.Шара соңында дәріске қатысушы шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.