blog Images

“Ар-Рахман” мешіті:”Тәжуид” сабағын аяқтаған шәкірттерге сертификат берілді

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде “Тәжуид” сабағын аяқтаған шәкірттерге сертификат берілді.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында мешіт ұстазы Жансая Сейтимованың жетекшілігімен өткен “Тәжуид” сабағын аяқтаған 15  шәкірт сертификат беріліп,алғыс хаттармен марапатталды.