blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде Құран жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті  Рамазан айында Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша жамағат арасында жарыс өтті.

Рухани, тағылымы мол сайысқа мешіттің жамағаттары қатысып, екі дүниенің бақытына апарар Алланың сөзін жүрекке жеткізе оқып, білімдерін ортаға салды.    Құран жарысына16 қатысушы қатысып,Құран Кәрімнің 30-шы парасын толық және жартылай оқудан бақ сынасты. Қатысушылардың Құранды жатқа айтуы, көркем оқуынан бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.Сайыс соңында жеңімпаздар арнайы марапатталды.