blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінде  жамағатқа  ауызашар дастарханы жайылды.

Ақшам уақытында ауызашарға жиылған жамағатқа мешіт бас  имамы Қайрат Қошкелдіұлы қасиетті ережеп айының қадір-қасиеті жайлы  уағыз-насихат айтты. Қасиетті үш  айдың қадірін біліп, Алланы көбірек еске алуға, тәубе етуге, уақытты пайдалы өткізуге шақырды.

Берекелі отырыс соңында  ақсақалдар бата беріп, ел амандығы үшін дұға жасады.