«Ар-Рахман» мешітінде «Аталар мектебінің» кезекті семинары өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы «Ар- Рахман» мешітінде «Аталар мектебі» атты келелі кездесу болды.
Мешіт ақсақалдары мен мешіт жастарымен өткен жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», — деп, бір ауыздан қолдау танытты ақсақалдар алқасы.