blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде «Әжелер мектебінің» жиыны өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы «Ар- Рахман» мешітінде «Әжелер мектебі» атты келелі кездесу болды.

Жиын барысында қоғамдағы қыз балаларымыздың тәрбиесі, жас отбасыларға кеңес беру және жанұялардың ажырасуының алдын алу бойынша семинарларды өткізу мәселелері көтеріліп, бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.

Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт ұстазы Жансая Сейтимова әжелердің қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  әжелер институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін әжелер мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», — деп, бір ауыздан қолдау танытты ақ жаулықты әжелер қауымы.