blog Images

«Ар-Рахман» мешіті:Эвакуацияланған жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті

Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шекті, мыңдаған отбасы баспанасыз қалды. Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің қызметкерлері жамағатпен Жылыой ауданынан  келген жандардың уақытша орналасқан пункітіне барып, қажетті ұн,күріш май т.б. күнделікті тұтынатын азық-түліктерді жеткізді.

 

Көктемгі қарғын су біраз аймақты әбігерге салды.Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!