blog Images

«Ар-Рахман» мешіті:Ережеп айының құрметіне орай рухани жиын өтті

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінің ұйымдастыруымен  Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай,жамағатпен рухани жиын өткізілді.

Қасиетті Ережеп айымен сәйкес келген бұл игі шара барысында мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы жамағат ауызбіршілігі мен Ережеп айының қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар,мешіт асханасында жамағат берекелі дастархан басында бас қосты.