blog Images

«Ар-Рахман» мешіті:Ақсақалдар арасында бата сайысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті  Рамазан айында ақсақалдар арасында бата сайысы өтті.

Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық даналығы «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек. Дін мен дәстүрді дәріптеуде батагөй қариялардың ақ батасы зор маңызға ие.Жарысқа қатысқан ақсақалдар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.Жеңімпаз қариялар арнайы сыйлықтар табысталды.