blog Images

“Ар-Рахман” мешіті:Алғыс айту күніне орай жиын өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы “Ар- Рахман” мешітінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ,мешіт асханасында жамағатпен жиын өтті.

Мұсылманның сипаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бір-біріне мейірімділікпен қарай білу. Алғыс айту да мұсылмандар үшін ізгілікті, сауапты істердің қатарында саналады.

Жиынға жиналған жамағатқа мешіт бас имамы Қайрат Маманбаев “Алғыс айтудың маңыздылы”бір-біріне алғыс айтудың, өзге адамдарға сыпайылық танытудың, ең алдымен Аллаға шүкіршілік айтудың маңыздылығы турасында уағыз айтты.Игі шарада мешіт ақсақалдарына алғыс айтып , құрмет көрсетіп ұлттық нағыштағы шапан жабылды.